Тиісті шаралар қамтылған

0
44

Коронавирус (COVID-19) инфекциясын жұқтырған азаматтар елімізде де тіркелгендігі жайлы білесіздер. Соған байланысты ҚР Президенті елімізде төтенше жағдай жариялаған болатын. Ал, біздің аудандағы ахуал жайында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Марат Ақылбеков түсіндіріп берді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Оның айтуынша, аталған вирустан тұрғындарды сақтау мәселелері бойынша Қарасай ауданының әкімдігі мен құзырлы ведомстволар алдын-алу шараларын жүргізуде. Атап айтсақ, коронавирус инфекциясына күдікті немесе науқас анықталған жағдайда сырқаттарды, сондай-ақ, олармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін Қарасай аудандық орталық ауруханасына қарасты:

— инфекциялық бөлімінде 120 төсек карантиндік изолятор госпиталі,

— Шамалған ауылдық ауруханада науқаспен қатынаста болғандарды оқшаулауға 200-ге дейін провизорлық төсек ұйымдастырылған.

Аудан бойынша вируспен күресуге арнайы медициналық қызметкерлер, басқа да ведомстволар жұмылдырылып, қажетті қорғаныш заттармен қамтамасыз етілгенін айта кетуге болады.

– Ауданымызға шетелден келген азаматтарды ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес оқшаулау жүргізілуде. Мұндай шаралар вирус анықталған жағдайда алдын алу және уақытында емдеу үшін жасалынып жатқанын қосымша айта кетуге болады, – дейді аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.

Сонымен қатар дәрігер Марат Жақсыбайұлы жоғарыда айтылғандарды ескере келе, аудан тұрғындарына мынаны ескертеді: «егер бас ауырып, мұрыннан су ағу, кеуде тұсындағы ауру белгілері, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындығы туындаса, еліміз бойынша бірегей «1406» Call орталығына, «103» нөміріне немесе дәрігерге хабарлаысп, шақырту керек. Егер азамат шетелден келген болса міндетті түрде алдын-ала ескерткен дұрыс».

– Қазіргі кезде аудан тұрғындарына айтарым, барлық сақтық шараларын барынша қолдану керек. Адам көп жиналатын жерлерге жиі баруды, бір-бірінің үйіне қонақ ретінде қыдыруды да уақытша қоя тұрғаны абзал. Әркім өз денсаулығы үшін жауапты, – дейді дәрігер М.Ақылбеков.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь