Тарихты ұмытпай, тіл тазалығын сақтап қалу – ортақ парыз

0
1796

Өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған латын алфавитіне көшу мәселесі бүгінде қоғамда үлкен талқы тақырыбына айналды. Сейсенбі күні, Қаскелең қаласындағы мәдениет үйінде орналасқан «Алматы облысының «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарасай аудандық филиалында өткен «Тарих пен тіл тамырлас» атты дөңгелек үстелде де осы өзекті жайт әңгіме арқауына негіз болды.

Ауданымыздың түрлі білім ордаларындағы ұлағатты ұстаздар, орталықтың тыңдаушылары қатысып отырған жиынды орталықтың меңгерушісі Ж.Оразалиева ашып, бас қосудың мән-маңызына тоқталды.

Латын алфавитіне көшу – тек қазақ тілі ғана емес, қазақ қоғамын жаңғырту бағытындағы маңызды бетбұрыс. Тарихқа көз жүгіртсек, латын әліпбиі қазаққа жат емес. Бұл халқымыздың ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнерін, қазақ әдебиетінің қайталанбас асыл мұрасын әлемге танытудың үлгісі екенін тілге тиек еткен Жанар Өмірзаққызы сөз кезегін баяндама жасау үшін осы орталықтың оқытушысы Фатима Төлегенқызына берді. Жалпы, қай халықтың болмасын рухани күші тілінде екенін, жазу дегеніміз – адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі болып табылатынын айтып, латын алфавиті дүние жүзіне кең тараған жазуды бірі екенін жеткізіп оның тарихымен таныстырды. Сонымен қатар, ауданымыздағы М.Ломоносов атындағы орта мектепте көп жылдар еңбек еткен білікті тарихшы Оралсын Әбішұлы,  Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Сауменқызы мен бірінші Май орта мектебінің мұғалімі Айгүл Қадылбекқызының да да айтылған ойды жалғай түсті.

Тіл – ұлттың тағдыры. Әр халық өзінің тілін ұлы деп санауы керек. Ал, латын тіліне көшу – үлкен мәселе. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз көп деген қорытындыға келген қатысушылар жиыннан үлкен ой түйіп тарқасты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь