Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

0
196

«Айтуға оңай», «Қарекет» сияқты бағдарламалардың жүргізушісі болған, танымал журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қайтыс болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпаратты аталған Tengrinews.kz тілшісіне
«Қарекет» бағдарламасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы растады. «Ағамыздың дүниеден өткенін өзіміз жаңа таңертең естідік. Ол қатерлі ісікпен ауырған еді, бір жылдан аса емделді», — дейді Ақжелең Рахатдинқызы.

Марқұм журналист инстаграмдағы парақшасында @beisenkuranbek денсаулығының сыр беріп жүргенін жазған еді.
«Халқымыздың «басты байлық – денсаулық» деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым», — деп жазған еді Бейсен Құранбек.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айының  соңында әлеуметтік желілерде Бейсен Құранбек ауыр дертке шалдықты деген ақпарат тараған болатын.
Ал, былтыр ақпан айының 26-да журналист инстаграмдағы парақшасында «асқазан жарасы қанаудың тоқтады. Өмір жалғасады» деп жазған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь