Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Танымал профессордың мерейтойы ғылыми форматта мерекеленді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 14 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Танымал профессордың мерейтойы ғылыми форматта мерекеленді
23:01, 30 ноября 2017

Танымал профессордың мерейтойы ғылыми форматта мерекеленді


Бүгін, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, салыстырмалы-типологиялық және жалпы тіл білімі саласындағы республиканың жетекші ғалымдарының бірі, Сүлеймен Демирел университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырушысы әрі ұлағатты ұстаз Зәуреш Ахметжанованың 70 жылдығына арналған «Заманауи жағдайдағы филология мен педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция С.Демирел атындағы университетте өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының құрметті ғалымдарының ұжымында жемісті ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, әйгілі ғалым М.К.Копыленконың ғылыми мектебінен өткен. Ғалымның айналысып жүрген ғылыми-шығармашылық тақырыптарының өрісі өте кең.

200-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның басым бөлігі іргелі монографиялар мен екі тілге арналған сөздіктерден тұрады және Зәуреш Ахметжанованың жетекшілігімен 1991 жылдан бері 57 кандидат, 13 филология ғылымдарының докторы, 2 магистр ғылыми зерттеулерін қорғаған.

Жиынға, әртүрлі институт, университеттерден ұстаздар және студенттер қатысты. Іс-шараның кіріспе сөзін унивеситет ректоры Қанат Қожахмет бастап берген болса, конференцияны университеттің оқу және ғылыми істері жөніндегі проректоры Давранжон Гаипов жүргізіп отырды.

Жоба барысында университет пен институттардан келген үркердей ғалымдар мен ұлағатты ұстаздар өздерінің құттықтаулары мен тақырып аясында саптай келген ғылыми баяндамаларын оқып берді. Атап айтсақ, филология ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген Уәли Нүсіпжан «Халықаралық астрономия жыл он екі ай» атты кіріспе сөзінде жұлдыздар туралы қолданыла бермейтін қазақша сөздерді және көнерген сөздерді тіркестеп олардың мағыналарын түсіндіріп берді. Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева өз сөзінде, қазақтың мәдени аннотацияларының барлығын орыс тілінде жазуы орыстарға ғана емес, қазақтардың өзіне керек екендігін тілге тиек етті.

Конференция мәресіне жеткен соң, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда «Студент тұлғасын қалыптастырудың когнитивті-мәдени аспектілері», «Адам капиталын қалыптастырудағы жоғары білім беру жүйесінің әлеуеті», «Қазақ тілінің латын графикасына көшу аспектілері», «Әдебиет – адам капиталын қалыптастырудың факторы ретінде» тақырыптары ғалымдар мен профессорлар арасында жан-жақты талқыланды.

Осылайша, Зәуреш Ахметжанованың 70 жылдығына орай бір күнге созылған мерей тойы ғылыми форматта өтті. Мереке 30 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайында жалғасын табады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района