Талдықорғандық театр қарасайлықтарға өнерлерін көрсетті

0
1396

Жетісу жерінен арнайы келген Б.Римова драма театры қойылым арқылы көрерменге рухани кеш сыйлады, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Біздің ауданға бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы бірқатар мүшелері іс-сапармен келіп, бірнеше мәдени орталарды аралап, көпшілікпен, БАҚ өкілдерімен жүздескен еді. Түстен кейін қадірлі меймандар аудандық мәдениет үйінде «Аманат» қоғамдық тану сыйлығының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, белгілі азаматтарға арнайы сыйлықтарын табыстады.

Рухани шараның нүктесі Талдықорған қаласының Б.Римова атындағы драма театрдың «Құлқынның құлы» деп аталатын қойылыммен аяқталды.Кәсіби әртістердің шебер ойнауынан қарасайлық көрермен тағылымды ой түйіп, Жетісу жерінен келген өнерпаздарға ыстық ықыластарын да аямады. Қойылымның негізгі идеясы сыбайлас жемқорлықты сипаттап, соның салдарынан қателіктің соңы өкінішке әкеліп соқтыратынын ұқтырды. Көрнекті кештің соңын аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова Б.Римова атындағы драма театрдың ұжымына зор алғысын білдіріп, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан ықылас гүлін табыс етті. Өз кезегінде өнерлі орданың әртістері де театр сүйер қарасайлықтарға ерекше рахметін жеткізіп, ризашылықтарын айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь