Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Талдықорғандағы жаңа театрдың ашылу салтанаты - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Талдықорғандағы жаңа театрдың ашылу салтанаты
20:14, 30 октября 2018

Талдықорғандағы жаңа театрдың ашылу салтанаты


Елордасы Астана қаласының 20 жылдығы мен мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына орай, бүгін Жетісудың бас қаласында бұрын соңды болмаған екі қабатты заманауи үлгідегі театрдың ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ, жаңа ғимараттың бой көтеруі Орта Азия елдерінің жетінші Халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келген. Салтанатты шараға Алматы облысы әкімі Амандық Баталов пен Қазақстан театрлары ассоциясының төрағасы Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының мүшелері қатысты.

Аталмыш шараның шымылдығын Амандық Ғаббасұлы ашып, тұрғындарды заманауи үлгідегі жаңа театрдың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, облысымыздағы атқарылып жатқан игі істерді атап өткен өңір басшысы осындай жетістіктердің төркінінде парасатты Президентіміздің нақты тапсырмалары мен міндеттері жатқанын да атап өтті. Шара аясында бірқатар өнер қайраткерлері «Серпер» сыйлығымен марапатталды. Жаңа ғимараттың сахнасы әйгілі «Айман-Шолпан» пьесасымен ашылды.

Талдықорған қаласының жетінші ықшам ауданында бой көтерген Салтанат сарайы мен Көрме павильонының жанынан осы ғимараттарға сәулеттік жағынан үйлесімі мол Бикен Римова атындағы жаңа драма театры да қосылды. Акустикасы, сахнасы, актерлер бөлмесі, өзіне ғана тән басқа да ерекшеліктерінің барлығы да ескеріліп, жоғары талғаммен жасалған. Жалпы, театрдың құрылысына алты миллиард теңге бөлініп,  жөндеу жұмыстары «BI Group» компаниясына қарасты «Өнеркәсіп құрылыс» ЖШС жүргізді. Екі қабаттан тұратын театрдың жалпы ауданы 10 538 шаршы метр, көрермен орны 510 адамға лайықтанған.

Рухани орданың облыс орталығынан бой көтеруіне Елбасының өзі қолдау білдірген. Талдықорғандағы театр фестиваліне Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Белоруссия сынды бірқатар мемлекеттің және еліміздегі республикалық, өңірлік театр ұжымдары қатысуда. Қазан айының 30-нан қарашаның алтыншы жұлдызы аралығында өтетін аталмыш ірі байқауда 20-дан астам қойылым көрсетілмек.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района