Талдықорғандағы Айт намазы «Иман» мешітінің ауласында ғана оқылады

0
297

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкіл имамы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай, ислам дініндегі айтулы күннің қасиетін насихаттау тұрғысында Талдықорған қаласында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсететін болады. Одан бөлек, түрлі мәдени, спорттық шаралар да ұйымдастырылу жағы көзделіп отыр. Жалпы, мұндағы негізгі мақсат – дәстүрінен жаңылмаған Құрбан айт мейрамының дәрежесін көтеру болып табылады.

– Биыл Қазақстан бойынша тұңғыш рет Құрбан айт намазын Талдықорған қаласында бір жерде ғана оқуды жоспарлап отырмыз. Яғни, бір ғана орында, бұл облыстық орталық «Иман» мешітінің ауласында құлшылық амалы жасалады. Негізі шариғат бойынша Құрбай айт намазы мешіттің сыртында оқылады,  ал, жалпы дұрыстығы, бір жерде оқу, – деді «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов.

Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көп балалы отбасыларға таратып, сауап алуға тырысады. Осыған орай, Талдықорған өңірлік өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы отандастарды айт күндері мал бағасын өсірмеуге шақырып, пайдаға емес, сауапқа бөлену маңызды екендігін еске салды.

«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді. Өйткені, Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атап өткен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь