Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Таэквондошылар республикалық жарыстан жүлделі оралды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 24 апреля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Таэквондошылар республикалық жарыстан жүлделі оралды
15:56, 11 февраля 2019

Таэквондошылар республикалық жарыстан жүлделі оралды


Ақпан айының 4-і мен 6-сы аралығында Алматы облысының орталығы –  Талдықорған қаласында, жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында, таэквондодан ХІV ашық республикалық турнир өтті.

Қарасай батырды еске алуға, сондай-ақ, аталған спорт түрін дамытып, жастар арасында кеңінен насихаттауға арналған додаға еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық жас спортшы қатысты. Дәстүрге айналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұл жарыста ауданымыздың таэквондошылары да қалыс қалмады. Қаскелең қаласындағы «Қарасай батыр» спорт орталығының 50-ге жуық таэквондошылары осы турнирге қатысып, бақ сынады.

Аудан сенімін арқалаған спортшылар намысты қолдан бермей, шеберліктерімен танылып, бұл жолы да жеңіссіз оралмады. Атап айтқанда сайыс қорытындысы нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленіп, 63 салмақ дәрежесі бойынша қоржынымызға 5 алтын, 1 күміс, 11 қола медалін салды.

Ашық турнирде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен грамоталар табысталды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района