Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Табысты қызметкерлер көп болғай - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Табысты қызметкерлер көп болғай
19:20, 05 октября 2018

Табысты қызметкерлер көп болғай


Көшбасшымыздың бүгінгі Жолдауы халқымыздың әл-ауқатын, оның ішінде табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға арналды. Одан бөлек, экономикамыз қарқынды дамып, заманауи прогрессивті елге айналып келе жатқанымыз, тіпті, бұл жеткен жетістігіміз үлкен байлық екені айтылды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдау барысында көптеген маңызды мақсат-міндеттерді ашып жеткізді. Мен бүкіл саналы өмірімді болашақ жастардың білім мен тәрбиесіне жұмсаған  ұстаз ретінде Елбасымыздың педагогтар жайлы айтқаны жаныма жақын болды. Яғни, ол 2019 жылы «Педагогтар мәртебесі» туралы Заңның қабылдануы. Мемлекет басшысының ұстаздарға аса көңіл бөлуі парасаттылықтың белгісі деп білемін. Сондай-ақ, еліміздегі 275 мың азаматтық қызметкерлердің жалақы мөлшерінің өсуі айтылды, орта есеппен олардың табысы 35%-ға өсетін болды.

Елбасымыздың осындай бағыт-бағдар аясындағы пайдасы мол тапсырмалары арқылы халқымыздың әл-ауқаты бұдан да әрі өсетініне көзім жетеді.

Сағат Мәсімақынов,

Қарасай ауданы қоғамдық кеңестің төрағасы  


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района