Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ТАҢБАЛЫНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫ КӨЗ ТАРТАДЫ (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 19 октября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ТАҢБАЛЫНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫ КӨЗ ТАРТАДЫ (Видео)
20:01, 20 Июнь 2019

ТАҢБАЛЫНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫ КӨЗ ТАРТАДЫ (Видео)


«Таңбалы» қорық-музейі – көне заманымыздың баға жетпес киелі, әрі тарихи мекендердің бірі болып табылады. Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылының маңында орналасқан мәдени ортаның тылсым табиғаты да, ел көрмеген ескерткіштері де көптің көңілін ерекше әсерге бөлейді. Өткен аптада аталмыш мәдени орталық Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында тарихи мекенді кеңінен дәріптеу үшін бұқаралық ақпарат өкілдеріне арнайы «Баспасөз турын» ұйымдастырды. Тарихи таңғажайып мекен 2003 жылдың 14 қазанында қорық-музей болып құрылып, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Таңбалы шатқалының баурайындағы мәдени мекенде әлемде көп кездесе бермейтін байырғы петроглифтер түп нұсқада сақталып қана қоймай, көне заманның тұрмыс-тіршілігі мен тасқа қашалған шежіресі де айрықша бейнеленген.

Жалпы, «Таңбалы» қорық-музейінде қола дәуірінен бастап, 12-14 ғасырды қамтитын жаңа кезеңнің 5000-ға жуық ескерткіштері кездеседі, ал, олардың анық бейне тұстары зерттеу нәтижесі бойынша осы орталықта бес топқа бөлінген. Әр топтың өзіндік белгіленген тарихы, мәдениеттері және жартастағы аң-құстардың тас бетіндегі көріністері саяхатшылардың таңданысын тудыра түсетіні анық.

Ал, осы қорық-музейінің ғылыми қызметкері Ринат Шарипов тас бетіндегі суреттердің ерекшелігінен бөлек, қасиетті ортадағы жерлеу орындарын кеңінен баяндап берді.

Жартас бетіндегі таңғажайып бейнелердің бірі азия халықтарының әншілері бақ сынайтын «Азия дауысы» байқауының негізгі таңбасындай мына бір тастағы таңғажайыпты айтсақ болады. Тарихи дерекке сүйенсек, бұл күн бейнесі сол заманда өмір сүрген жандардың күнге табынушылық деген түсініктің қалыптасқанын айқындайды. Аспан астында ашық түрде қорғалатын Таңбалының басқа да тамаша таңғажайыптары жетіп артылады. Осындай маңызы жоғары, өткеніміздің куәсі, болашағымыздың бағалысы болып саналатын қасиетті қорықтың құндылығы еш жоғалмай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қала берсін дегіміз келеді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района