Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Тағайындаулар - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Тағайындаулар
20:15, 04 сентября 2019

Тағайындаулар


Бүгін еліміздегі бірқатар маңызы бар лауазымдарға жаңа қызметкерлер тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Енді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің өкімімен Садық Әкіжанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқаратын болады. Садық Санатұлы еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенті мәдениет орталығының «Президенттік институтының» ғылыми қызметкері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасының Экологиялық аудиторлары ұлттық палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымының экономикалық мәселелер және БАҚ-пен байланыс жөніндегі менеджері, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қызметтерін атқарды.
Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып сайланды. Соңғы жылдары Гүлшара Наушақызы Мемлекеттік хатшысы лауазымында болған.
Белгілі әнші Қыдырәлі Болманов болса Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қыдырәлі Нұртайұлы әнші, продюсер, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері.
Сондай-ақ, бүгін «Хабар» телеарнасының ұжымына жаңа директоры таныстырылды. Алдағы уақытта бұл қызметті Динара Бисембина атқаратын болады. Динара Асқарқызы кәсіби қызметін Астана қаласындағы «Литер» газетінің тілшісі ретінде бастап, 2015-2017 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінде, 2017 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болған.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района