Среда, 21 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Тәуелсіздікке арналған патриоттық кеш
23:54, 13 декабря 2017

Тәуелсіздікке арналған патриоттық кеш


 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – ата-бабамыздың арманы орындалып, тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 26 жыл толды.

Жыл сайын мереке қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде тәрбиелік мәні үлкен кездесулер, кештер мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Мысалы, мейрам алдында біздің орталық аудандық кітапханамызда да «Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі» атты патриоттық кеш болып өтті.

          Бұл іс-шара ең алдымен еліміздің мемлекеттік Гимнімен бастау алды. Сонымен қатар, азаттығымызға арналған мазмұнды бейнебаян көрсетіліп, алуан түрлі мағлұматтар айтылды. Сол сияқты, тәуелсіздік алу үшін күрескен желтоқсаншылар туралы, олардың шеруге шыққандығы жайында ауданымыздың белсенді жастары ойларымен бөлісіп, қазақтың атақты ақыны Мұхтар Шахановтың Желтоқсан  көтерілісіне арнаған өлеңдерін оқыды.

Бұдан бөлек, «Елім менің!», «Қазақстан ұлы Отаным-ай!»  атты әндер бас қосу көркін аша түсіп, кітапханашылар дайындаған «Желтоқсан желі» атты слайд- фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Жиын барысында, құрметті қонақтардың қатарында отырған аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы мен ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері Сәуле Кенжетаева жиналғандарға Тәуелсіздіктің оңайлықпен  келмегенін  және сол жылдары  өз  көздерімен  көрген  оқиғаларын  айтып, барлығын осы үлкен мерекемен шын жүректен құттықтап, мазмұнды да мәнді кешті түйіндеді.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района