Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Тәуелсіздік және Елбасы» атты ән-жыр кеші - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 20 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Тәуелсіздік және Елбасы» атты ән-жыр кеші
17:54, 06 июня 2018

«Тәуелсіздік және Елбасы» атты ән-жыр кеші


Кеше аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын-сазгер Сания Шамсидинованың «Тәуелсіздік және Елбасы» атты ән-жыр кеші өтті.

Кештің авторы Сания Шамсидинова жиынды өзінің ізгі тілегімен бастап, қасиетті Рамазан айында Құран кітабына арнаған өлең жолдарын баршаға оқыды. Бұдан бөлек, Елбасы мен Үшқоңыр жайлы шығармаларын таныстырып халықтың қошеметіне бөленді. Ал, одан кейін, Т.Жүргенов атындағы өнер акемиясының студенттері бастаған топ таныстыруға көшті. Бұл шығармашылық концертте Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, Алматы облысының Құрметті азаматы, меценат Болат Назарбаев, Көктөбе мешітінің бас имамы Асылхан қажы, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, әлем қазақтары қауымдастығының төраға орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев және Медицина ғылымдарының докторы, ҚР клиникалық және Іргелі медицина ғылыми Академиясының академигі, паталогия анатомия кафедрасының меңгерушісі Жауғаш Ахметов құрметті қонақтар қатарында болды. Отан, махаббат, достық және имандылықты негізге алған С.Шамсидинованың шығармаларын өнер академиясының түлектері сахнада жоғары дәрежеде көрсетуге барын салды. Автордың өлеңдерін әсерлі оқыған студенттер, көрермендердің көңілдеріне бірден жол тапты. Өз кезегінде сахна төріне аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы шығып, алғысын айта келе, автордың ұйымдастырған кешіне жақсы бағасын берді. Мұнан соң, кештен алған әсерімен бөлісуге академик Жауғаш Байназарұлы ортаға шығып, автордың өнері жайлы айтып, шығармашылық концерт жоғары дәрежеде өткенін тілге тиек етті.  Өнерпаздар бірінен соң бірі сахнаға шығып, ән айтып, терме тарта жырлар оқыды. Кеш соңында, концерт авторы барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, қолдап, қоштағандары үшін алғысын айтты.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района