Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Түркияда өткен тартысты жекпе-жектен жүлделі оралды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 23 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Түркияда өткен тартысты жекпе-жектен жүлделі оралды
23:08, 06 декабря 2017

Түркияда өткен тартысты жекпе-жектен жүлделі оралды


Жақында Түркияның Анталья қаласында муай-тайдан халықаралық Еуропа кубогы өткен болатын. Осы байрақты бәсекеге аттанған біздің қарасайлық жас спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, мерейлері өсіп қайтты.

Қаскелеңдегі В.Белинский атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Хусейн Абдуллаев, Іргелі ауылындағы Л.Толстой атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Рахат Биназаров, Үшқоңыр қазақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы Арнұр Нұрғазы. Бұл үшеуін біріктіретін жекпе-жектің осы бір ерекше түріне деген сүйіспеншілік, жеңіске деген құлшыныс болса керек.

Аталған жарыста Қазақстан құрама командасынан шаршы алаңға шыққан жігіттеріміз үшін қарсыластарынан басым түсу оңайға соқпаған. Себебі, олар да кіл күштінің ішінен іріктелген бабы келіскен шын мықтылар еді.

Сонымен, әрқайсысына жеке тоқталып өтсек, өзінің 51 келі салмақ дәрежесінде І орын алған Рахат бұған дейін, ел ішіндегі бәсекелерді айтпағана, Қырғызстанда және Тайландта болған жарыстарда жүлделі орындардан көрінген. Алматыдағы «Смет» спорт мектебінде шеберлігін шыңдап жүрген жасөспірім жаттықтырушысы Алмас Сакаевтың ғана емес, үлкен үміт артқан ата-анасы мен ұстаздарының да сенімін осылай ақтай білді.

Ал, Хусейн мен Арнұр Қаскелеңдегі «Sport KZ» жаттығу залында Разван Халеловтан тәлім алып, жекпе-жектің осы түріне машықтануда. Бұған дейін Тайланқа барып, үлкен додада жүлделі ІІ орын алып келген Х.Абдуллаев осы жолы І орын биігінен көрініп, 14-15 жас аралығындағы 63,5 келі салмақ дәрежесіндегі қатысушы ретінде болашақта Бакуде өтетін клубтар арасындағы Еуразия кубогына жолдама алып келген. Үшқоңырлық Арнұрдың  бұл үлкен шаршы алаңдағы алғашқы жеңісі. ІІІ орынды қанжығасына байлап қайтқан оның арманы болашақта Еламан Саясатов және Вадим Лопарев ағалары сияқты жоғары жетістіктерге қол жеткізу.

 Еліміздегі мерейлі мерекелер – Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күндері қарсаңында өз жеңістерін туған еліне тарту еткен жас спортшыларымызға алда да сәттілік тілегіміз келеді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района