Түркия шекарасындағы босқындар Грекияға ағылуда

0
140

Түркия шекарасындағы Грекияға тоқтаусыз ағылып жатқан босқындарға күш көрсетілде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Грекия соңғы бір аптада өз шекарасынан 35 мың мигранттың өтуіне тосқауыл қойып, жүздеген босқынды қамауға алды. Соңғы күндері шекарадан мыңдаған заңсыз өту оқиғасы тіркелген. Анкара грек тарапы келімсектерге шамадан тыс күш қолданып жатыр деп айыптауда.   Мигранттар Еуроодаққа өте алмай, полициямен қақтығысқа түсуде. Тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін көз жасауратын газ, Молотов коктелімен күш қолдануда. Кей ақпарат көздері жараланғандар мен адам шығыны да бар екенін хабарлайды. Жалпы БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, Сириядан шыққан келімсектердің 80 процентін әйелдер мен балалар құрайды. Еуроодақ басшылары Режеп Тайып Ердоғанға босқындармен күресу үшін қаржы бөлетінін айтып, шам еліндегі қақтығысты тоқтатуға шақырады. Ал, Анкараның бұған сенері жоқ. Айтуынша, Түркия 10 жылда 4 млн-ға жуық босқынды қабылдағанмен, көмек қолын созған бірде бір ел табылмаған еді. Түркия грек шекарасы маңына шоғырланған мигранттардың кері қайтуына жол бермеу үшін арнайы жасақ орналастырды. Ал, мәліметке қарағанда, Түркияның Эдирне аймағынан грек шекарасына қарай 130 мың мигрант өтіп кеткен. Еске сала кетейік, Грекия шекарасындағы миграциялық дағдарыс ақпан айының соңынан басталды. Оған Идлибтегі ахуалдың ушығуы себеп.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь