Түркия елі Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

0
192

Түркия кей елдермен жолаушы тасымалын тоқтатты. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Елшілік бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниясына қатысты екенін нақтылады. Шешім қабылданғаннан кейінгі соңғы рейстер 5 және 6 тамызда орындалды.

Рейстерді қайта бастау туралы мәселе пандемияға байланысты қаралады.

«Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды», — делінген ресми мәлімдемеде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь