Түркістандық дәріханаларға 2 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

0
424

Түркістан қаласына пандемия кезіндегі науқастарға аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыдағы фармацевтика компаниясынан 27 млн теңгеге жергілікті халыққа қажетті 136 түрлі 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізілген. Атап айтқанда, антибиотик, антикоагулянт (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарының ауруына арналған дәрілер бар. Олар облыс орталығындағы дәріханаларға шекті бағамен үлестіріліп, азаматтарға белгіленген бағада сатылымға шығатын болады.

«Келісімшарт бойынша дүйсенбі күні Өзбекстаннан тағы да дәрі-дәрмекпен бір жүк көлігі келеді. Ол қазір кеден рәсімдеуінде тұр. Одан кейін келесі аптаның соңына қарай Алматыдан тағы да дәрілер жеткізіледі. Антибиотиктер тек дәрігерлердің рұқсатымен сатылады. Және парацетомол, аспирин секілді дәрі-дәрмек бір қолға екі құтыдан сатылады» — деді облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов.
Бұдан бөлек, қосымша дәрілер алуға өзге де компанияларға сұраныс берілген. Алдағы уақытта көрші елдерден де препараттар алынып, облыстағы дәріханалардың сөрелері қажетті дәрілермен қамтылмақ.
Айта кетерлігі, жергілікті ауруханаларда дәрі тапшылығы жоқ. Егер де, дәрі жетіспеушілігі немесе бағалардың негізсіз көтерілуі орын алса, кез-келген азамат Amazing Turkistan электронды қосымшасының «Дәріхана» айдарындағы «Шағымдану» бөлімі арқылы шағымдануға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь