Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Тұрғындардың өтініштері тыңдалды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Тұрғындардың өтініштері тыңдалды
15:52, 12 сентября 2019

Тұрғындардың өтініштері тыңдалды


Кеше аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан басшысы Жандарбек Далабаев тұрғындарды қабылдап, олардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, аландатқан мәселелерінің шешілуіне көмек көрсетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй мәселесін алға тартса, бірқатары жер және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жүгінді. Атап айтар болсақ, «Алтын алқа» иегері, 7 баланың анасы, Тұрар ауылының тұрғыны Жанар Жумагельдинова өзінің 2015 жылдан бері «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрса да, үй ала алмай жүргенін айтты. Сондай-ақ, отбасын мүшелерінің тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеулері әр жерде болғандықтан жақында іске қосылған «Бақытты отбасы» бағдарламасымен де үй ала алмайтынын жеткізіп, көмек көрсетуін сұрады. Қаскелең қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана Айнұр Таутік те осыған ұқсас мәселемен келіпті. Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, еңбекақысы асып тұрғандықтан бұл бағдарламаға тіркеле алмайды, ал, «7-20-25»-пен пәтер алайын десе, бастапқы 20% пайызды төлеуге шамасы жетпейтінің айтып, көмек сұрады. Екі ананың өтінішін тыңдаған аудан басшысы мәселені толығымен қарап, оларды шешудің тиісті жолдарын іздеуді орынбасары Алмасбек Әшімбайға жүктеді.

Мұнан бөлек атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін шілде айынан бастап 3 айлық тегін курсты оқып жүрген  Райымбек ауылдық округінің тұрғындары, Курембаеватар отбасына АӘК-ні алудың жолдарын түсіндірді.

Қабылдауға келген барлық 15 тұрғынға аудан әкімі мен жауапты бөлім басшылары тарапынан қажетті жауаптар мен кеңестер беріліп, сондай-ақ, жергілікті билік тарапынан тиісті көмек көрсетілетін болады.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района