Тұрғындар денсаулығы басты назарда

0
67

Бүгін  аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыруымен  тұрғындардың денсаулығын сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиынға тиісті бөлім басшылары және қала ауылдық округтердің әкімдері  қатысты. Басқосуды аталған басқарманың басшысы Нұрлан Олжабаев жүргізіп, отырыстың күн тәртібімен таныстырды.   Атап айтқанда, бірінші мәселе бірқатар ауылдық округтердегі ауыз су мәселесі жайында болса, келесісінде фельдшерлік акушерлік пунктерінде шешімін таппаған өзекті мәселелер жайлы, үшіншісі аудандағы жол көлік апаттарының алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға арналды. Көтерілген мәселелердің біріншісі бойынша түйткілді сауалға «ВeyAzh Тrans» ЖШС-і директорының орынбасары Арлан Амантайұлы жауап берді. Оның айтуынша, су ұңғымасын аумағына әлі де мемлекеттік акт ала алмай жүргендіктен, қоршау орната алмауда. Ал, су желілері бойынша  ауыстыруды қажет ететін құбырлардың есепке алу бойынша да жүйелі жұмыс жасалуда. Ауылдардағы фельдшерлік акушерлік пунктерінде шешімін таппаған өзекті мәселе де суға қатысты болып тұр екен.  Бұл сұрақты аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев басты назарында ұстап, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе шешетінін айтты. Енді кезектегі жол көлік апаттары бойынша ақпаратты  аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің рота   командирі  Бағдат Жұмабаев баяндады. Полиция  қызметкерінің берген мәліметіне сүйенсек,  ауданның ішіндегі аймақтарда 2018 жылға қарағанда  биыл жол көлік апаты азайса, ал, республикалық маңызы бар тас жолдар да керісінше көбейіпті. Оған себеп,  жол жиегіндегі жарық бағандарының аздығы. Жиын барысында көтерілген мәселелер облыстық жауапты мекемелерге жолданып, ал, аудан деңгейіндегі сұрақатар шешілетін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь