Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Судьялар студенттер арасында - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 16 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Судьялар студенттер арасында
9:34, 27 мая 2017

Судьялар студенттер арасында


Жуырда Қарасай аудандық сотының судьясы Ербол Бекенов пен Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Асқар Бейімбетов Сулейман Демирел университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы туралы және сот жүйесіне екінші институционалдық реформа – заңның үстемдік құруы аясында қысқа мерзімде іске асырылған 10 мақсатты қадам бекітілгенін атап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мақсат еткен жиында бірнеше тақырып аясында әңгіме өрбіді. Басқосу барысында Е. Бекенов аудандық сотта азаматтық істердің қалай қаралатынын, аудио және бейнежазба құралдарының қалай жұмыс атқаратынын түсіндіре отырып, «Сіздердің мамандықтарыңыз заңгер, әр қайсысыңыз үлкен бір маман иесі боласыздар. Елбасының үндеп отырған салиқалы саясатының барлығы дерлік Сіздерге, яғни, жастарға арналған , «Білім инемен құдық қазғандай» демекші білімдеріңізді ұштап, ортақ Отанымыздың дамуына үлкен үлес қосасыздар деген сенімдемін» – деп болашақ әріптестерін қанаттандырып қойды. Ал, А. Бейімбетов студенттерге сот жүйесіндегі аса ауыр қылмыстар туралы кеңінен ақпарат берді.  Өз кезегінде аталған жоғарғы оқу орнының білім алушылары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, көкейде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды.

Кездесу соңында судьялар жиынға қатысушыларға оқуда жетістік, сонымен қатар өз ісінде жоғары білікті маман болуды тілеп, оларды сот жүйесінің қызметкерлері қатарынан көретініне және алдағы уақытта жоғарғы оқу орын мен сот арасында ынтымақтастықтың әрі қарай жалғасатынына сенім білдірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района