Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Субсидия арқылы баспаналы болған қарасайлықтар (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 24 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Субсидия арқылы баспаналы болған қарасайлықтар (Видео)
23:49, 08 мая 2019

Субсидия арқылы баспаналы болған қарасайлықтар (Видео)


Елімізде баспана алу мүмкіндігін «7-20-25» бағдарламасы арқылы жүзеге асыруға болатыны баршаңызға белгілі. Елбасының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне жеңілдік жағы ойластырылып, бастапқы жарнаны төмендетудің амалы ретінде алғашқы жарнаның 10 пайызын жергілікті бюджеттен субсидиялау көмегі қарастырылған. Дәл осы әзірленген бағдарлама біздің Қарасай ауданымызда да жүйелі түрде іске асып, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің бірқатары баспаналы болуда. Солардың бірі – баспана бақытына ие болған жандардың қатарында аудандық статистика басқармасының жетекші маманы Ақжол Қыздарбеков. Ақжол өзінің алғашқы 2 бөлмелі пәтерін көпке құтты қоныс сыйлаған «Қарлығаш» ықшам ауданынан алып отыр. Жас та болса өз үйіне қол жеткізіп отырған Ақжол, мемлекеттің осындай көмек көрсетіп отырғанына өте қуанышты.

Тұрғындарға барлық жағынан жағдайы қарастырылған осы «Қарлығаш» ықшам ауданынан дәл бүгін аудандық ветериниария бөлімінің бас маманы Ақмарал Әбдіраимоваға да баспана кілті бұйырды. Біраз жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған қуаныш иесі іштей өз алғысын жасыра алмады.

Ақмарал сияқты мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған аудандық полиция басқармасы көші-қон бөлімшесінің аға инспекторы Жанар Джунусова, Қаскелең қаласындағы «Алатау ажары» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтерге ие болып, көптен күткен арманына қол жетізіп отыр.

Ал, осы «7-20-25» бағдарламасы аясында пәтерлердің үлестірілуі және қандай банктермен келісімшарт жасасу жайында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Ашимбай ашып айтып, алдағы уақытта тағы қанша түрғын үй берілетінін де мәлім етті.

Жалпы, ауданымыз бойынша мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері үшін 100 пәтерге тұрғын үй субсидиясы деп аталатын әлеуметтік көмек қарастырылса, қазіргі таңда оның ішінде 29 үміткерге сол қаржылай көмек өз пайдасын тигізіп отыр. Бір айта кетерлігі, үйді сатып алу кезінде бастапқы жарнаға көмек ретінде 1 млн-нан артық емес субсидия берілетінін ескерген жөн.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района