Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ұстаз ұлық бәрінен - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 15 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ұстаз ұлық бәрінен
21:16, 04 октября 2017

Ұстаз ұлық бәрінен


Бүгін Қарасай ауданы педагогтарының төл мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті. Ұстаздар қауымын аудан әкімі Махаббат Бигелдиев өзі құттықтап, еңбегі еленген жандарды марапаттап, мерейлерін өсірді.

Бұл күні қатарда жүріп, қалтқысыз іске кіріскен мұғалімдермен қатар, өз өмірлерін шәкірт тәрбиелеуге арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған білім беру саласының ардагерлері де аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шарада бас қосып, мәре-сәре болды.

Алғашқы сөз кезегін алып сахна төріне көтерілген Махаббат Садуақасұлы «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген қанатты сөзбен барша ұстаздар қауымының қоғамдағы алар орнын айғақтай отырып, өсіп келе жатқан буынға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы педагогтар алдында тұрған маңызды міндеттерді де тілге тиек етті. Осы бір қызығынан қиыны көп, жауапкершілігі мол мамандық иелеріне деген жылы лебізін жеткізіп, бар жақсылықты тіледі.

  Мұнан кейін бірқатар мереке иелері ел алдында марапатталды. Атап айтқанда, Махаббат Садуақасұлы Қаскелең қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Нәзігүл Дәуренбековаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасын, басқа да алты мұғалімге өз атынан Алғыс хаттар тапсырды. Биылғы мұндай салтанатты жиынның ерекшелігі ретінде аудандық білім бөлімін әр жылдары басқарған жандарға деген өзгеше ілтипатты да атап кеткен артық болмас. Бұл ретте, сахна төріне сол кездегі аудандық білім басқармасын әр жылдары басқарған Мәдениет Тастанбекұлы Кәркеновтың, Баян Әбдікәрімқызы Мұхамедярованың және Ұлтусын Амангелдіқызы Бархинованың шақырылып, аудан әкімінің Құрмет Грамотасы табысталып, шапан кигізілуі сондай жүрек тебірентерлік әсерлі сәт еді.

Салтанатты шара әрі қарай мерекелік концертке ұласты. «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі «Замана жыры» күйімен шымылдығын ашқан сахналық бағдарлама аясында аудан өнерпаздарымен қатар Саят Медеуов, Жұбаныш Жексенұлы, Мирас пен Құралай сияқты қазақ эстрадасының жұлдыздары да ұстазарға деген ізгі лебіздерін әсем әнмен жолдады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района