Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Спорт пен сауықтыру орталығы ашылды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 23 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Спорт пен сауықтыру орталығы ашылды
22:43, 29 августа 2018

Спорт пен сауықтыру орталығы ашылды


Біздің егемен еліміздің ең басты байлығы – оның халқы. Сондықтан адамның өмірі мен денсаулығына айрықша назар аударылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында да халықты саламатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанда  мыңдаған спорт алаңдары, стадиондар, спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт мектептері және тағы басқа осы бағыттағы орындар жүйелі ашылуда. Республикамызда спорттың бұқаралылығын арттыруға да көп  көңіл бөлінуде.

Міне, осының айқын дәлелі кеше Қаскелең қаласындағы орталық стадион аумағында, Алматы облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен, «№2 Жасөспірімдер мен балаларға арналған  спорт мектебі»  салынып, пайдалануға берілді.

Жиында алдымен аудан әкімі Жандарбек Далабаев сөйлеп қарасайлықтардың спорттың көп түрімен шұғылдануын жақсы мүмкіндік беретін, дене тәрбиесі бағытындағы істерді әлдеқайда ілгерілететін жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, оларға алдағы уақытта толағай табыстар тіледі. Салтанатқа облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан келген басшысы  Тұратбек Шарапиев ізгі тілегін білдіріп,  аудан әкімімен  бірге орталықтың лентасын қиды. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев елдің атынан ризашылығын жеткізіп, жас спортшыларымыз алдағы уақытта дүбірлі додаларда намысты қолдан бермей көк байрағымыз биіктен желбіресін деп, ақ батасын берді. Содан кейін осы кешеннің салынуымен айналысқан «Дәулет Серпін-603» ЖШС-ның басшысы Жалғасхан Дәлібаев құрылыстың аяқталғанын білдіретін символикалық кілтті тапсырды. Оны қабылдап алған спорт мектебінің директоры Дәурен Төлеген, әрі қарай келген қонақтарды орталықты аралауға шақырды.

Атап айтсақ, нысанның құрылысы 2017 жылы  маусым айында басталған.  Жалпы құны 584 млн теңгені құрайды. Ал, көлемі 2, 480 гектар жерді алды. Бұл мектепте әмбебап волейбол, баскетбол және гандбол ойындарына арналған  спорт залы, күрес, бокс залдары, массаж кабинеттері,  әкімшілік бөлмелері, 1000 орындық стадион, жүгіру жолы, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Сонымен қатар, талапқа сай желдету, құбыр жүйелері, басқа қосымша орындар жасалған. Барлығы да осы заманғы  үлгімен салынған деуге болады.

Ал енді, бұл жердің жас спортшылар мен дене тәрбиесімен жүйелі шұғылданатын адамдардың сүйікті орнына  айналатынына сенеміз!


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района