Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Сот жүйесі де жаңғырады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Сот жүйесі де жаңғырады
11:12, 09 октября 2018

Сот жүйесі де жаңғырады


Елбасының халыққа жариялаған осы жолғы Жолдауы біраз маңызды жоспарларды қамтыды. Ондағы басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттырып,  тұрмыстық сапа жағына көп көңіл бөліп, ел экономикасын жақсарту. Бағыты айқын Жолдаудың тапсырмалары тиісті министерлерден бастап, әр саланың қызметкерлеріне, аймақ басшыларына жүктелді.

Жалпы, Жолдау аясында айтылған айқын басымдықтар – ел игілігі үшін жасалатын жұмыстар. Оның ішінде әр салаға қатысты мәселе бойынша талаптар мен оның оңтайлы шешімі де сөз етілді. Солардың бірі – «сот жүйесін одан әрі жаңғырту» жобасына тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы айтқандай, соңғы жылдары бұл салада көп жұмыс атқарылғанымен, соттарға деген сенім деңгейі жоғары емес екенін айтты. Одан бөлек, сот жұмысы  заманауи форматта жүргізіліп, озық электронды сервистер енгізуді де тапсырды. Елбасының бұлай айтуына негіз де бар. Өйткені, жыл сайын төрт миллион азамат сотта қаралатын жұмысқа қатысады, ал оған жұмсалатын күш пен қаражат шығын екені белгілі. Сондықтан бұл істерді жүргізуге электрондық жүйенің септігі мол деп ойлаймын. Сондай-ақ, Президентіміз заң саласындағы кадр мәселесіне де жеке тоқталды. Яғни, сот жүйесі сапалы даму үшін қызметкерлер жаңарып, үздік заңгерлер судья болуға талпыну керек. Сөз соңында Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл соңына қарай жоғарғы сот Үкіметпен бірлесе тиісті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Иә, мақсатымыз – айқын! Елбасы жүктеген тапсырманың орындалуына барынша күш салып, тек сапалы жұмыс көрсету – біздің міндетіміз.

Мәди Көшікбаев,

Қарасай аудандық сотының төрағасы


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района