Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Сот төрағасы тұрғындармен кездесті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Сот төрағасы тұрғындармен кездесті
20:59, 29 октября 2018

Сот төрағасы тұрғындармен кездесті


Бүгін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудандық сот  төрағасы Мади Көшікбаев алғаш рет азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жиынға қаралатын мәселе бойынша тиісті басшылар мен заңгерлер де қатысып, тұрғындардың сан сауалдарына қатысты кеңестерін берді.

Аудан азаматтары заң тұрғысынан шешімін таппаған бірқатар мәселелерін сот төрағасына шағым ретінде өз ойларын жеткізді. Оның ішінде алаяқтық, еңбек ақыны жеу және басқа да құқық бұзушылыққа  қатысты бірнеше сұ рақтар қозғалды. Тұрғындар арасынан басқа өңірдің азаматына алданған жандар да  кездесіп жатты.

Барлығының өтініштерін жеке талқыға салған Мади Жаубасарұлы сот төрағасы ретінде кез келген мәселені екі жақты қарайтынын айтып, келушілерге уақыт өткізбей арыз-шағымдарын жазуды сұрады. Қабылдауға жазылған тұрғындардың барлығы өздеріне қатысты түйіткілді ойларын ортаға салып, тиісті жауаптарын ала алды. Сондай-ақ, аудандық сот төрағасы мен кеңес беруші ретінде келген басшыларға өз алғыстарын айтты.

Жиын соңында Мәди Көшікбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Ақшолпан Маратқа осындай қоғамдық қабылдау ұйымдастырғанына алғысын білдірді. Өз тарапынан аудан тұрғындары арасында әрдайым осындай кездесулер үрдіске айналатынын да жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района