Шымкенттегі тойханалар мектепке айналды

0
166

Шымкент қаласында мектеп жетіспегендіктен оқушылар тойханада білім алады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, мейрамхана мектеп үлгісімен қайта жабдықталып жатыр. Бұл мектепте «Нұрсәт» мөлтек ауданында орналасқан №80 мектеп лицейінің оқушылары оқиды. Дәл осы лицейдің оқушылары былтыр қоғамдық монша болған ғимаратта білім алған екен. Ал тойханадан мектепке айналған білім ұясы 1200 оқушыға арналған.

Пандемия басталғалы жарты жылда тойханалардың жұмысы толық тоқтаған. Мейрамхана иесі Есбол Қамбаровтың айтуынша, бір кездері той кәсібінен айына 20 миллион теңге табыс табатын. Ал мектептен ондай табыс түспесі анық. Оның бұл қадамға баруына тек білім саласына қайырымдылық жасау себеп болған.

–Тойхана салтанат сарайы емес, енді мектеп болады. Басы бүтін мектеп. Ақылы, ақысыз мектеп болады осы жерде. Жалға алып жатқан жоқ ешкім. Мен өзім жекеменшік мектеп етіп осыны ашып беріп отырмын. Қазір келіп жатқанның барлығы ақысыз. 2-3 ата-ана ғана ақылыға арыз жазып отыр. Ата-аналардан жиналғанына қарай көреміз. Бір 100-120 мың теңге көлемінде айына ақылы болатын шығар, — дейді Есбол Қамбаров.

Салтанат сарайы ішіндегі шығыс үлгідегі дизайн сол күйі қала бермек. Жаңа мектептің директоры Айшагүл Шайхинаның айтуынша, бұл балалардың білім алуына кедергі келтірмейді.

Шымкенттік Білім басқармасының мәліметінше, алдағы үш жылда 47 жаңа мектеп салу жоспарда бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь