Шығыс ғұламасына арналған конференция

0
182

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығында бүгін күллі түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай танымдық конференция өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына биыл 1150 жыл толып отыр. Осы ретте бүгін Шамалған ауылында орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Әбу Насыр әл-Фараби – 1150 жыл» атты конференция өтті. Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан тарих перзенттерінің бірі және бірегейі әл-Фарабидің бай рухани мұрасын насихаттауды мақсат еткен шараға Үшқоңыр қазақ мектебі мен Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Аталмыш орталық пен әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған орта мектеп-гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен өткен конференция барысында ғұлама ойшылдың өмірі мен оның еңбектерінің құндылығы мен маңыздылығы қарастырылды. Гимназияның ұстаздары мен оқушылары әль-Фараби туралы өздерінің дайындаған ғылыми жұмыстарын қысқаша слайдтар арқылы кеңінен әңгімелеп, өз ойларымен бөлісті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь