Шығыс Қазақстанда ұры үй тонап жатқанда ұйықтап қалған

0
249

Шығыс Қазақстанда ұры пәтер тонау кезінде ұйықтап қалған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 54 жастағы күдікті азамат өз кінәсін мойындаған. Ол 19 маусым түнінде алкогольді мас күйінде иесі жоқ екенін алдын ала біліп, жекеменшік үйге кіріп кеткен. Полиэтилен пакетке 8 мың теңгеге азық-түлік жинап алған ол қылмыс жасау кезінде ұйықтап кеткен. Таңертең үйден ұрлаған заттарымен шыққан бойда ұсталып, Жарма ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев аталған факті Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімі, 3-тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тіркелгенін хабарлады.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь