Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Шығармашылық байқауда жүлделі болды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 26 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Шығармашылық байқауда жүлделі болды
19:29, 31 октября 2017

Шығармашылық байқауда жүлделі болды


Қазіргі кезде мектептерге қойылып отырған басты талаптардың бірі – рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Жалпы, баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Оқушының мұндай үрдесін дамыту мәселесі қазіргі кезде де алда тұрған міндеттердің бірі.

Осыған орай, мемлекетімізде де сан түрлі сайыстар, бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр. Оған көптеген талантты оқушылар қатысып, өздерінің шығармашылық дайындықтарын дәлелдеуде.

Мәселен жуырда, біздің аудандағы Алмалыбақ ауылының орта мектебінде оқитын Аружан Абдрахманова Алматы облысының Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің» атты шығармашылық байқауында жүлделі 2-орынды алып қайтты.

Онда Қарасай ауданының намысын қорғаған Аружан, аталған тақырыпқа қатысты шығармасын дайындап, 60 оқушының ішінен 2-ші турға өткен. Одан соң, келесі кезеңде сынға түскен 27 баланың ішінен, «Арман қала – Астана» тақырыбында жазып, жүлделі орынға ие болған. Жеңімпаз оқушыны ұйымдастырушылар 30000 теңге ақшалай сыйлықпен марапаттаған.

Ең алғашқы сайысынан алдыңғы орынға табан тіреген Аружан, болашақта басқа да байқауларға қатысып, жеңімпаздардың қатарынан көріне берсем, дейді. Өзінің өскен кездегі арманы – әдебиет, қазақ тілі пәнінің мұғалімі болу.    


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района