Шебер қолдар

0
834

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде ауданымыздың мектеп мұғалімдерінің қолөнерін паш ететін «Шебер қолдар» атты көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен болған көрмеге білім ұяларының ұстаздары мен оқушылары қатысты. Онда ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан қолөнер бұйымдарын жасау жолдарының тиімді тәсілін жас ұрпаққа үйретіп жүрген қарасайлық 48 мектеп ұстаздарының жұмыстары қойылған. Елбасының «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында өткен бұл көрменін мақсаты оқушылардың өз еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін дамыту. Өнер арқылы сыйластық, отансүйгіштікке, бір-біріне деген қамқорлық сезімге баулу.

Көрмеде бейнелеу өнерінің натюрморт, пейзаж, портрет сынды жанрларында салынған жұмыстар қойылған. Туындыларда авторлардың жүрек жылуы мен елге деген махаббаты, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері кеңінен бейнеленген. Қатысушы ұстаздар кестелеу, тоқу, тері, ағаш, металл өңдеу техникаларын қолданған шығармашылық жұмыстарын да ұсынған. Сондай-ақ, металдан өрнектеліп жасалған зергерлік бұйымдарда таңқаларлық әдемі, олар филигрань техникасында орындалған, киіз өңдеудегі авторлық жұмыстарын да, ұлттық нақышқа толы бұйымдарын да көпшілік назарына ұсынды. Мұнан бөлек көрмеде ағаш және сүйектен жасалған бұйымдардың да көптеген түрлері қойылды. Ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен әсемделіп жасалған әшекейлер де осы жерден табылды. Тұрмыста қолдануға арналған неше түрлі киіз бұйымдар да бар.

Материалдың, жанрдың және орындау техникасының алуан-түрлілігімен таң қалдырған көрме тамашалаушыларды үлкен әсерге бөледі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь