Шарапаты мол акция

0
219

Ауданымыздың барлық мешіттерінде «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» атты республикалық акция аясында ағаштар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары  жүргізілуде, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Биыл Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – муфтияттың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге байланысты ҚМДБ Орталық аппараты қызметкерлерінің ұсынысымен, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бекітуімен елімізде 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асатын 30 игі іс-шараның жоспары бекітілген болатын. Соның бірі –республика аумағында «30 000 түп ағаш отырғызу» акциясы. Осыған орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен 23 қыркүйек күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен игілікті іс-шара еліміздің барлық өңірінде жоспарланды.

Көпке үлгі болатын мұндай бастаманы Қарасай ауданына қарасты барлық мешіттер де қолдап, бүгін өз аулаларында ағаш отырғызып, айналасын көгалдандырды. Мешіт қызметкерлері, имамдар, мешіт жамағаты бірлесе атқарған маңызды шараның аясында ауданымызда 400-дей түп ағаш тамыр жаймақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь