Шамалған ауылындағы «Жайдарман» ойыны

0
951

Жақында Шамалған ауылының мәдениет үйінде, Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жастар Қанаты және Шамалған ауылдық округі бірігіп, Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Жайдарман» ойынын өткізді. Аталмыш ойынның басты мақсаты аудандымыздағы жастар арасында «Жайдарман» ойынын дамыту, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, осы ойын арқылы басын қосып, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, аудан жастарының шығармашылық қабілеттерін арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу және өмірге деген позитивті көзқарасын ұлғайту еді.

Ойынға қала, ауылдық округ жастары, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар қатысты. Сонымен, I орынды Жаңашамалған қазақ орта мектебінің оқушыларынан құралған «Неге бәрі қыз?» атты команда иеленіп, олар сыйлық және алғыс хаттармен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь