Шұғыл мемлекеттік сатып алулар мерзімі қысқартылады

0
82

Дағдарыс жағдайында мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қолданылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік баслымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

– Ол үшін ең алдымен отандық тауар өндірушілер тізімі жасалмақ. Бұл мемлекеттік сатып алуларды жедел және жеңілдетілген түрде жүргізуге сеп болады, – деді Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Айта кетерлігі, аталмыш шара отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қолға алынған. Министрдің айтуынша, бұл жұмыс істеп тұрған бизнесті ғана қолдап қоймай, жаңа өндірістерді ашуға ынталандырады. Сонымен қатар, министр дағдарыс кезеңінде шұғыл түрдегі мемлекеттік сатып алулардың мерзімі қысқаратынына да тоқталды.

– Дағдарыс жағдайында Үкіметке тез әрекет ету керек. Мысалы, маска немесе қорғау құралдарын шұғыл сатып алу, аурухана салу және тағы басқа осындай жағдайларда. Бұл ретте конкурстық рәсімдер 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты бірден мемлекеттік сатып алу өткізу үшін тауарларды, қызметтерді және жекелеген өнім берушілерді айқындайтын өкілеттіліктер берілеледі. Бұл ретте ірі және маңызды сатып алулар ҚР Президентімен келісіледі.  Барлық қалған сатып алулар белгіленген тәртіппен іске асырылады, – деді  Әлихан Смайылов.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь