Үшқоңырлық көңілді тапқырлар клубы жоғары лигаға жолдама алды

0
504

«Білесің бе, Астананың асқарлығын? Қолдап келдік Үшқоңырдан Жастар жылын», – деп ұрандатып барған шамалғандық жастар республикалық байқауда жүздіктің ішінен алға шығып, жоғары лигаға жолдама алды хабарлайды «karasayinfo.kz» желілік басылымының тілшісі.

Жақында ғана Астанада КТА ойындарының маусымашары өтіп, оған Алматы облысы Қарасай ауданының атынан «Үшқоңыр» тобы аттанған болатын. Сәкен Сариев жетекшілік еткен көңілді тапқырлар командасының мүшелері жоғарыда айтқанымыздай «Жастар жылын» жағымды жаңалықтармен бастап жатыр. Ел абыройын арттырып, Елбасының жастарға деген сенімін ақтауға барынша атсалысып, тың идея, жаңа көзқараспен тырысып жүрген қарасайлықтарға Алматы облысы мәслихатының депутаты Жандолла Абдимуратов демеушілік көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь