Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Сессияда бірқатар мәселелер қаралды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 18 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Сессияда бірқатар мәселелер қаралды
20:47, 30 июля 2018

Сессияда бірқатар мәселелер қаралды


Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 32-ші сессиясы өтті. Депутат Д.Қылышпаева төрағалық еткен сессия барысында күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылып, олар түгелдей қаралды. Сессияға аудан әкімі Ж.Далабаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық, ауылдық округтердің әкімдері, бюджеттік мекемелер мен бөлім басшылары қатысып отырды.

Атап айтқанда, бірінші мәселе — «Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы «Қарасай ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 22-3 шешіміне өзгерістер енгізу» бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж. Ноғайбаев баяндама жасап, депутаттардан баяндама барысында айтылған ұсыныстарды бекітіп беруді сұрады.

Бұдан бөлек, аудандық мәслихат депутаттары Е.Момбаев пен Ы.Амалбектің депутаттық мандаттарын мерзімінен бұрын тоқтату, Қарасай ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу және тағы да басқа мәселелер сессия жұмысында қаралды. Сәйкесінше тиісті шешімдер шығарылды.

Ал, келесі сессия төрағасы болып Жандосов ауылдық округінің депутаты Қ.Баяманов сайланды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района