Селден зардап шеккен отбасылар тамыз айында жаңа баспанаға кіреді

0
291

Түркістан облысы, Төлеби ауданында селден зардап шеккен отбасыларға жаңа баспаналар тамыз айында беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бүгінде құрылысы қарқынды жүріп жатқан үйлерді салу жұмыстары аяқталуға жақын.

Аталған баспаналардың 17-сі – Леңгір, 2-і – Киелітас, 22-сі – Сұлтан-Рабат, 1-і Ынтымақ ауылдарында салынуда. Қазіргі таңда 22 үйдің шатыры жабылып, терезесі орнатылған. Ішкі электр желісін, жылу жүйелерін жүргізу мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Баспаналардың жалпы аумағы 2640 шаршы метрді құрайды. Үйлердің құрылысын 9 мердігер мекеме жүргізуде.

Естеріңізге сала кетсек, Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 13 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан өзен арналарынан асып, бірнеше үйді су басқан еді. 42 үй жарамсыз деп танылған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь