Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыста. Біздің мемлекет те осы бағыт бойынша дамыған елдер қатарына қосылуды мақсат етіп, келе жатыр. Соған байланысты елімізде оқушылардың ой-өрісін кеңейтуді көздеген инновациялық үйірмелерде пайда бола бастады. Солардың бірі ауданымыздағы Сүлеймен Демирел университетінде ашылған «RobotX» робототехника мектебі.

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған бұл мектепте балалардың заман талабына сай білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Оқушылар еш қиындықсыз робототехниканың қыр-сырын меңгереді. Білімгерлер сабақ барысында түрлі жобаларды жоспарлап, оны дамытуды, әр түрлі бағдарламаларымен жұмыс жасауды меңгереді. Сондай-ақ, ұялы телефонға және компьютерге арналған ойындар құрастыруды,  «Maceblok» конструкторы арқылы  роботтарды жинап, әрі бағдарламалауды, 3D-обьектілер мен интерьерді моделдеуді де меңгеріп шығатын болады.

Тың техниканың тетігін табуға ауданымыздың 50-ге жуық балалары ынталанып жүр. Оқу бағдарламасы барысында білімпаздар ғылыми түрде зерттеу, жоспарлау, талқылау, есептеумен танысады. Осылайша оқушылар математика, физика және информатика пәндерін бір мезетте меңгеруге мүмкіндік туып отыр.

Ақылды, әрі өркениетті жеткіншек қалыптасу үшін осындай бағыты айқын, болашағы бар, тәрбие мен тағлымы мол мектептер көптеп ашылса, баланың білім кеңістігі кеңейе түсері анық. Ал, білімді ұрпақ ол біздің еліміздің ертеңі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь