Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.СДУ-да ICECCO-2018 ғылыми конференция өтті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 17 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
СДУ-да ICECCO-2018 ғылыми конференция өтті
19:36, 04 декабря 2018

СДУ-да ICECCO-2018 ғылыми конференция өтті


Жақында СДУ университетінде жоғары оқу орындарындағы түрлі  салалардағы идеялар мен соңғы зерттеулер нәтижелерін біріктіруге бағытталған «Халықаралық Электрондық компьютер және есептеу техникасы» (International Conference on Electronics Computer and Computation) атты конференция өтті.

Ауқымды іс-шараға отандық жас ғалымдар мен шетелдік белді сарапшылар қатысты. Атап айтқанда АҚШ-тың Пердью, Нигерияның Нил университеттерінен, сонымен қатар, Назарбаев университетінің белді профессорлары конференция аясында өз ғылыми еңбектерімен бөлісті.

Ғалымдар замануи трендтегі IT саласының жан-жақты бағыттары бойынша кәсіби тақырыптарды кеңінен талқылап, тәжірибе алмасты. Жобаға барлығы 35 ғылыми жұмыс қабылданса, олардың 25-і отандық авторлардан, 10-ы СДУ университетінің жас ғалымдарының зерттеулері екен. Ал, ғылыми жұмыстардың мазмұнын айтар болсақ, олар таратылған интеллектуалды жүйелер, медициналық информатика, жасанды интеллект, ғылыми есептеулер, сандық сигналдарды өңдеу, инженерлік моделдеу және бақылау, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, есептеу (есептеу ғылымдары), компьютерлік  көру, қызықты қосымшалар және бағдарламалау тілдері сынды түрлі өзекті тақырыптарды қамтиды. АҚШ-тың Пердью университетінен арнайы келген профессор Эрик Мэтсон өз ғылыми еңбегінде  замануи технологиялар мүмкіндігімен дрондар арқылы ланкестік актілерінің жасалу қаупі туралы және бұл түйткілді мәселемен күресу жолдарын әріптестерімен бірге талқылады. Сонымен қатар, тәжірибелі сарапшы конференцияның өткізілу деңгейіне өз бағасын беріп, ғылыми жұмыстардың мазмұны мен мағынасына жақсы пікір қалдырды.

Бұдан бөлек, СДУ-лық жас ғалымдар мен докторанттар конференция барысында электронды компьютер және есептеу техникаларының барлық аспектілерінен оқу-әдістемелік жұмыстарын, жүз тану ғылымы бойынша күрделі алгоритм, микрооқулықтарды әзірлеу және тәжірибе жүзінде пайдалану сияқты түрлі зерттеулерін жиынға қатысушы ғалымдар қауымдастығының назарына ұсынды.

Айта кеткен жөн, ICECCO-2018 (International Conference on Electronics Computer and Computation) конференциясында ұсынылған барлық материалдар алдағы уақытта технологияларды ілгерілету бойынша әлемдегі ең ірі кәсіби-техникалық ұйымның сайтында жарияланатын болады.  


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района