Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Саяжай тұрғындарының жағдайы сөз болды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Саяжай тұрғындарының жағдайы сөз болды
20:31, 23 февраля 2018

Саяжай тұрғындарының жағдайы сөз болды


Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жанат Тәжиевтің төрағалығымен, саяжай тұрғындары қатысқан үлкен жиналыс болды. Күн тәртібінде аудан аумағындағы саяжай кооперативтеріндегі әр түрлі мәселелерді тудыратын жағдайлар, сонымен қатар, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы сұрақтар қаралды.

Бау-бақша серіктестіктерінің төрағалары жиналған бас қосуға Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып отырды.

Алдымен, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Асхат Данияр баяндама жасап, саяжайларда орын алатын қылмыстық деректердің барысына тоқталды. Жалпы, Алматымен шекаралас орналасқан ауданға жұмыс іздеп сырттан келушілер өте көп екенін алға тартқан баяндамашы құқықбұзушылықтың алдын алуға әрбір адам мүдделі болу керектігін де сөз етті. Осы мақсатта бау-бақша серіктестіктері төрағаларының назарына бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Мысалға, серіктестік аумағына кіре-беріске бейнебақылау орнату немесе күзетшілер кезекшілігін ұйымдастыру аталған жағдайға өзінің оң ықпалын тигізер еді. Сондай-ақ, ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне заңсыз тұрып жатқан тұлғаларды анықтауға жәрдемдесу, серіктестіктегі пәтер жалдаушылардың тізімін жасауды әдетке айналдыру, күзет дабылын қосу сияқты әрекеттердің де пайдасы зор болмақ. Асхат Даниярұлы осы мәселелерді серіктестік мүшелері өздерінің ішкі отырыстарында жан-жақты талқылағаны артық болмайтынын айтты.

Жиынға қатысушылар тарапынан ауданның бас полицейіне қойылған сұрақтар да аз болмады. Бұл ретте кейбір учаскелік инспекторлардың өз жұмыстарына салғырт қарайтыны, саяжай тұрғындарына көмектесуге асықпайтындары, бау-бақша серіктестіктерінің жарғысы оның мүшелерінің мүддесін кей жағдайларда заңдық тұрғыдан қорғай алмайтыны әңгіме арқауына айналды. Ал, Райымбек округінің учаскелік полицейлерінің жұмысына, керісінше, көп алғыс білдірілді. А.Данияр айтылған жайттардың барлығын өз бақылауына алатынын жеткізді.

Сонымен қатар, ортаға шыққан аудан прокурорының орынбасары Дархан Досмұханбетов саяжай тұрғындарына қандайда бір заңсыздық орын алса немесе құқықтары қорғалмаса прокуратураға тиісті арызбен келу керектігін ескертті.

Ал, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Азамат Болубаевтың берген мәліметіне сүйенсек, Қарасай ауданында 174 бау-бақша серіктестіктері тіркелген. Ондағы тұрғындар саны – 6004 болса, 22 мыңнан астам жер учаскесі есепке алынған. Азамат Аркадийұлына да жер телімдеріне, оларды заңдастыру мәселелеріне қатысты көп сұрақ қойылды. Олардың кейбіріне сол жерде жауаптар қайтарылып, бірқатары жіті назарға алынды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бас маманы Марлен Наурызбаев баяндама жасап, алда келе жатқан көктем мезгілінде су тасқынына байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайын тілге тиек етті.

Жалпы, ашық пікір алмасу арқылы өткен жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жанат Жолдаспекұлы ауданның әр тұрғыны қашанда заң шеңберінен аспауы керектігін, тәртіп пен тыныштықты тиісті органдарға не әкімдікке ғана жүктеп қоймай, барлығымыз бірге, ортақ түсіністікпен жұмыс істесек, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын алға тартып, жақсы тілегін білдірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района