Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения за январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,5 тыс.человек | сельское — 206,5 тыс.человек | Темп роста составляет 102,3 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29051 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Саналы ұрпақты жастайынан тәрбиелеу қажет - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 21 марта 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Саналы ұрпақты жастайынан тәрбиелеу қажет
20:15, 05 марта 2019

Саналы ұрпақты жастайынан тәрбиелеу қажет


Бүгін ауданымызға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері келіп, бірнеше нысандарды аралады. Олардың қатарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департаментінің директоры, ақын, жазушы Арман Бердалин, аталмыш агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев және агенттіктің республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі, танымал қолөнерші Ырза Тұрсынзада. Халық арасында қоғамдық дертке қарсы іс-қимылды кеңінен насихаттап, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында аталған топ мүшелері ең алдымен Қаскелең мәдениет колледжіне бет бұрды. Оқу орнында басталған кездесудің ұйытқысы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесіне байланысты болған еді.

Бұл жоба қазір еліміздің көптеген білім ошақтарында ашылып, жастармен тығыз жұмыс жасауда. Басқосуда Арман Тілектесұлы енді тұлға болып қалыптасып келе жатқан жастарға сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмай, алшақ болуларын алға тартты. Қай салада болмасын, адал еңбек ету қажеттігін айта келе, бұл қоғамдық дерт еліміздің көркейуіне тосқауыл болатынын жеткізді. Ал, еліміздің танымал қолөнершісі Ырза Тұрсынзада келеңсіз құбылысты жеңудің бірден бір жолы, ол қазіргі жас қыздарымызды, болашақ аналарымыздың тәрбиесіне мән беру қажет екендігіне тоқталды. Бұдан бөлек, оларды мәдениетімізді танып, ұлттық құндылықтарымызға көңіл бөлуге де шақырды. Пайдалы кітаптарды гаджеттардан емес, кітапханалардың сөрелерінде тұрғандарын алып, оның нағыз қасиетін сезініп оқуды құптайтынында айтты. Кездесуді қорытындылаған Серікбай Өрікбайұлы жастарды мектеп кезеңінен бастап, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттарын ашу бойынша жүйелі, ауқымды жұмыс жүргізіліп келе жатқанымен бөлісті. Яғни, олардың бойында қоғамдық дертке айыптайтын сана қалыптастырып және қарсы мінез-құлықты дәріптеу қажеттігін жеткізді. Ал, жиынға қатысып отырған студенттер бұл жөнінде өз ойларын білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын да қойды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района