Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения за январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,5 тыс.человек | сельское — 206,5 тыс.человек | Темп роста составляет 102,3 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29051 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Сан сауалдар талқыланды   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 21 марта 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Сан сауалдар талқыланды   
20:18, 12 марта 2019

Сан сауалдар талқыланды  


Бүгін түске дейін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева қоғамдық қабылдау өткізді деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ол аудан тұрғындарының түйіткілді сұрақтарын тыңдап, нақтылы шешімдерді шығарды. Аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдері мен жұмыспен қамту орталығының басшылары және аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары қатысуымен өткен бұл жиында бірнеше мәселелер талқыланды. Атап айтар болсақ, жазылған азаматтар бос жұмыс орындарын іздеуде, балабақшаларға балаларының орналастырудағы кездескен қиындықтықтарды сөз етіп, атқарушы органдардан көмек сұрады. Сондай-ақ, мұнда көпбалалы аналар Елбасының жуырда жариялаған жеңілдіктердің кімдерге тиесілі болатыны жайлы сауалдарды қойды. Айтылған ұсыныстар мен сұраныстарды тыңдаған Айжан Нұрділдәқызы барлық білдірілген өтініштердің назардан тыс қалмайтынын, кейбірінің жақын арада шешілетінін жеткізді. Мемлекеттік қызметші ретінде халықтың тұрмыс-тіршілігі, әл-ауқаты әрдайым жіті бақылауда екенін түсіндіріп, жиналысты

қорытындылады.

Осылайша, қабылдауға келген азаматтардың барлығы қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап және дұрыс бағыт-бағдар алды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района