Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Салық амнистиясына қай уақытқа дейін ілігуге болады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Салық амнистиясына қай уақытқа дейін ілігуге болады
20:22, 16 июля 2019

Салық амнистиясына қай уақытқа дейін ілігуге болады


Президенттің 4 шілдеде амнистияға қатысты бекіткен заңнамасы елімізде бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматыда өткен салық төлеушілерге арналған семинарда айтылды.  Шара барысында мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері тұрғындардан түскен сауалдарға жауап беріп, Қазақстандағы салық рақымшылығының мәселелері мен камералдық бақылау мәселелерін егжей-тегжейлі айтып берді.

Ұсынылған түзетулерде шағын және орта бизнес өкілдері  2018 жылдың 1 қазанына дейінгі негізгі қарыздарын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда олардың  өсімпұлдары мен айыппұлдарын жою қарастырылған. Бұл ретте есепте тұрған айыппұлдар 2018 жылдың 1 қазанында, ал, өсімпұлдар   негізгі қарыз соммасын төлеген соң жойылады. Мұны істеу үшін  мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну керек.

Айта кету керек, салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.Статистикаға сүйенсек, 2019 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн. жеке тұлғаларда 20,9 млрд. теңге сомасын құрайтын салық берешегі болған, оның ішінде негізгі қарыз — 14,3 млрд. теңге, айыппұлдар — 6,6 млрд. теңге.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района