Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Салтанатпен аталып өтті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 16 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Салтанатпен аталып өтті
19:39, 05 мая 2017

Салтанатпен аталып өтті


Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бірнеше орден мен медальдің иегері, Алматы облысының, Қарасай ауданының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Сейітхан Исаевқа үлкен құрмет көрсетіліп, ғасырлық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.

Алдымен тамаша педагог, мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Парламент Сенатының депутаты болған Шәмша Беркімбаева Сейітхан Ахметұлының өмір және еңбек жолы жайында жан- жақты баяндады, әсіресе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстазы болғанына кеңінен тоқталды. Ақ тілегін ақтарыла айтып, құттықтады.

Мұнан кейін облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсенбінов сөйлеп, облыс әкімі Амандық Баталовтың ыстық сәлемін жеткізіп, иығына шапан кигізді.

Сол сияқты аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақлия Бекбайқызы, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, Абай атындағы орта мектеп- гимназиясының мұғалімі Еңлік Көшекова, осы гимназияның оқушысы Жұмахан Ермек сөз алып, абыз қартқа ізгі тілектерін білдірді.

Кеш барысында аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары ән айтты, өлең оқыды, би биледі.

Соңынан аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ұлы ұстаздың, қадірменді қарияның еңбегін, өнегелі істерін айта келе иығына шапан жапты.

Ал, Сейітхан Ахметұлы өзіне көрсетілген осындай зор құрмет үшін үлкен рахметін айтып, Елбасына деген ақ тілегін жеткізді, ақ батасын берді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района