Бүгін «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының демеушілігімен Қарасай ауданындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200 балаға қайтарымсыз ноутбуктер тарту етілді. Оқу жылын онлайн бастаған көптеген мектеп оқушыларына қажетті құрылғы жетіспей жатқаны жасырын емес. Осы мәселені шешу атқарушы билік барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Бюджет қаржысына мұқтаж отбасылар үшін компьютер техникасын сатып алу жалғасып, бұл іске демеушілер де өз үлес қосуда. Қашанда қайырым жасаудан қалыс қалмайтын «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 1000 дана ноутбуктер мектеп оқушыларына үлестірілген болатын. Оның 500 данасы Алматы қаласына берілсе, 200 данасы Талдықорған қаласындағы осы топқа жататын балаларға үлестірілді. Ал, 200 данасы бүгін Қарасай ауданындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларына сыйланды. Оны облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова өз қолымен табыстап, балаларға ізгі тілегін білдірді. Ноутбуктердің 65-і мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, қалған 35-і өңірдегі өзге аудандарға табысталады. Барлық ноутбук бейнекамералармен жабдықталған, оған қоса жиынтықта сымсыз тышқан мен оны кедергісіз қозғалтуға арналған кілемшелер бар. Бұл оқушылардың zoom-конференцияларға оңай қосылуына мүмкіндік береді. Ноутбуктердің барлығы «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының есебінен алынғандықтан, балаларға тегін және қайтарымсыз берілді. Қашықтан оқыту аяқталғаннан кейін де оқушылар осы техниканы әрі қарай сабақ оқуға пайдалана берулеріне болады. Айта кету керек, аудандық білім беру бөлімінің берген мәліметінше 231 жетім бала бар. Олардың 170-і таза жетім, ал, 61-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь