Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Сайлау заңдылықтары мен ережелері түсіндірілді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Сайлау заңдылықтары мен ережелері түсіндірілді
19:06, 21 мая 2019

Сайлау заңдылықтары мен ережелері түсіндірілді


Ауданымызға қарасты Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында сайлау науқаны бойынша облыстық сайлау комиссиясының мүшелері түсіндіру жұмыстары жүргізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 9 маусым күні елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Соңын аясында еліміздің барлық аймақтарында сайлау комиссиясының мүшелері сайлау науқаны жайлы түсіндіру жұмыс жүргізілуде. Осыған орай бүгін облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында жиын өткізді. Оны аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ғалия Аманова ашып, оған ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, 101 сайлау учаскелері сайлау комиссиясының төрағалары, хатшылары, округ әкімдегіндегі сайлауға жауапты мамандар қатысты.

Жиын барысында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Шырақбай Жылқайдаров мен Құдайберген Қаңтарбаев қатысушыларды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының негізгі баптары мен сайлау науқанын әзірлеу және өткізуге байланысты негізгі мәселелерімен таныстырды. Сондай-ақ, оның барысында сайлаудағы бақылаушылар жұмысы, науқады қаржылық, материалдық-техникалық ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Мұнан бөлек сайлау заңнамасының нормаларын бұзудың құқықтық салдары, сайлау рәсімдерін жүргізуде осындай заң бұзушылықтардың алдын-алу және болдырмаудың жолдары мен әдістері де талқыланды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района