Сайлау күні елордада қоғамдық көліктердің жолақысы тегін болады  

0
438

Нұр-Сұлтан қалаcының әкімдігі Президент сайлауы күні тегін жол жүруді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Аstana.kz сайтына сілтеме жасап.

9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады. «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында барлық қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған. Аталған акция қаладан тыс аумақтағы маршруттарға қолданылмайды. Автобустар стандартты қозғалыс кестесі бойынша жүреді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі күні бойы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қарастырып отыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь