Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Сағындырған әндер-ай - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 июня 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Сағындырған әндер-ай
21:30, 12 апреля 2019

Сағындырған әндер-ай


Ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылған «Ретро» концерт өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бүгін аудандық орталық мәдениет үйінде ескі әндерімізді еске алу әрі ұлттық өнерімізді, еліміздің белгілі композиторларының шығармаларын жастарға насихаттау мақсатында «Ретро» концерт өтті. Тұңғыш Презиндент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған кеште көрермендер залды кернеп кеткен ғажап музыка әлеміне сүңгіп, 70-80 жылдарда болып қайтқандай әсер алды.

Сахна шымылдығы ауданымыздың жұлдызды тобы Нұрлан Ташенов пен Қалбибі Абдуллаева орындауындағы Ержан Белғозиевтың «Сенім шырағы» әнімен ашылды. Сондай-ақ өзіндік тарихы бар, құлаққа сіңген «Попури», «Достар жыры», «Ақ тілек», «Туған жер», «Жанарымсың», «Қырманға келген, қалқатай» сынды жиырмадан астам ескі әндер шырқалып, көрермендер көңіл бірер сәт сол заманға саяхат жасап қайтты. Әсем әндермен бірге әр әннің болмысын ашатын әдемі аспаптармен де түрлі әндер де орындалды. Керемет кештен көрермендер тамаша көңіл күймен тарқасты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района