Сүт өнімдерінің бағасы 7% өсті

0
547

Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша елімізде сүт бағасы 6,8 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде: тиісті кезеңдегі инфляцияның жалпы деңгейі бар-жоғы 5,3% құрайтын болса, азық-түлік өнімдері бір жылда 8,2%, ал, азық-түлік тауарларының бағасы 8,1% өсті.

Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларында шикі сүт орта есеппен 222 теңге болса, 2018 жылы 211 теңге, ал пастерленген сүт былтыр 251 теңге, 2018 жылы 228 теңге болған.

Жалпы Қазақстанда сүт өндірісі өскен. 11 айдың есебі бойынша, былтыр сүт пен қаймақ өнімдері 509,3 мың тонна, ал 2018 жылы 476,3 мың тонна өндірілген. Оның 30 пайызы Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген. Сонымен қатар, сүт өндірісінен Алматы, Ақмола және Қостанай облысы басым шыққан. Аталған төрт облыста бұл сектордағы өнімдердің төрттен үш бөлігіне тең.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь