С.Донбаевтың рухына арналды

0
1637

Жуырда Қаскелең қаласындағы аудандық орталық стадионында, жақында беймезгіл өмірден озған, облыстық мәслихаттың депутаты және «Дәулет-Серпін 603» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған Серік Донбаевтың рухына арналған жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир болды. Аудандық «Парасат» футбол клубының басшысы Абзал Жұмабаев ұйымдастырған жарысқа 2005-2007 жыл аралығындағы 200-ге жуық әртүрлі спорт үйірмелерінің футболшылары қатысты.

Жалпы, өзара 6 команда болып сынға түскен спортшылар ойын барысында тамаша өрнекті қимылдар (финт) көрсетіп көрермендерді таң қалдырды. Қызыға қараған жанкүйерлерде қолдау танытып, балалар ойынының көрігін ашты. Барлығына дес бермей, 2005 жылғы жасөспірімдерден құралған командалардың арасынан озат болып «Парасат» клубының футболшылары алдыңғы орынды еншіледі. Екінші орын алматылық «Арыстан» үйірмесінің спортшыларына бұйырса, үшінші орынды «Еңбек» командасы жеңіп алды. Ал, 2007 жылғы теңбіл допшылардың ойыны кіші інілерінің жарысынан да асып түсіп, қақпаға салған голдары барлығын таң қалдырды. Олардың арасында 1 орын жүлдесі жеңіс тұғырына ұмтылған, өзінің атауына сай, тер төгіп, барын салған «Еңбек» командасының қоржынына түсті. Чемпион атанған командаларға кубок табысталып, әртүрлі бағалы сыйлықтар берілді. Бұдан бөлек, іс-шара соңында көптеген ізгі ісімен есімі ел есінде қалған азаматтың рухына үлкен ас берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь