Құрылысқа таза отандық өнім қолданылады

0
633

Қарағанды облысында қуат көзін үнемдейтін жаңа үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды   Karasayinfo.kz желілік басылымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Саран қаласындағы зауытта жасалған ірі панельді термоқабырғалар сырттағы суықты өткізбейді, әрі іштегі жылуды сақтайды екен. Бүгінгі күнге дейін дәл осы технологиямен өңірде 1500 пәтерлі 19 үй салынған. Соның нәтижесінде жылу тарифі шамамен 50 процентке азайыпты. Жуырда ғана аталмыш  қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тағы бір жылу үнемдейтін үй пайдалануға берілді.

– Жаңадан салынған көпқабатты пәтерлерге де  жылу үнемдейтін терезе орнаттық. Бұл  үйлерде орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ Біздің болжамымыз бойынша бұл пәтерлерде жылуға кететін шығын шамамен 40 процентке азаюы. Яғни, әр шаршы метріне төленетін жылу құны 100 теңгеден жоғары болмайды, –  дейді құрылыс компаниясының директоры Александр Кику.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь